Новости

Создание сайта 25-05-2011, 04:06

«Ақтаң» - Компаниялар тобы

«    Февраль 2012    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829 

Бүгін бізде...

Алматы
Температура: -6°/-4°
Давление: 698 мм.


Теңге бағамы

  Покупка Продажа USD 147.60 148.06 EUR 194.10 198.05 RUB 4.90 5.15

Оцените работу сайта

Хорошо работает
Вроде норм
Устраивает...

Последние фото...

«Ақтаң» - Компаниялар тобы


Компания 2008 жылы 16 маусымда құрылды.

Компанияның негізгі жарғылық мақсаты – табыс алу және Компания қатысушыларын тұрлаулы кірістермен қамтамасыз ету.

Компанияның негізгі мақсаты Қазақстан нарығында табысты орын алу және басқарудағы компанияларды ішкі бизнес-үдерістерді басқару әдістері мен механизмдерін ұдайы жетілдіру, серіктестер мен клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және қызметкерлердің әл-ауқатын олардың компанияның және басқарудағы компаниялардың қызметіне қосқан үлесіне сәйкес деңгейде қамтамасыз ету негізінде басқару арқылы тұрақты кіріс алу болып табылады.

Компанияның негізгі ұйымдық міндеттері: басқарудағы компаниялардың бизнес-үдерістерін басқару, компанияның ұйымдық құрылымын құру және оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету, басқару механизмдерін дамыту және жетілдіру, барлықи ресурстарды толық және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, компания мен басқарудағы компаниялардың бірыңғай ішкі корпоративтік кадрлік, коммерциялық, қаржылық, әлеуметтік саясатын құру, есеп, есептілік және бақылау жүйесінің сенімді жұмысын, сондай-ақ марапаттау механизмдерін құру және қамтамасыз ету;

Компанияның негізгі қаржылық міндеттері: компанияның бірыңғай қаржылық саясатын құрып-дамыту, басқарудағы компаниялардың ісінің тұрлаулылығы мен өтемділігін қамтамасыз ету, оларды қаржылық қолдау механизмдерін құру, басқарудағы компаниялардың бәсеке қабілетті табыстылығын қамтамасыз ету, компанияның және басқарудағы компаниялардың қаржылық тәуекелдерін басқару жүйесін құру жолымен барынша көп пайда табуын қамтамасыз ету.

Компания қызметінің негізгі қағидалары: компанияның мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін компания бизнес-үдерістерді мына қағидаларды басшылыққа ала отырып ұйымдастырады:

  • Заңдылық;
  • Қызметті құқықтық өрісте жүзеге асыру;
  • Басқару жүйесін ұдайы дамыту және жетілдіру;
  • Клиенттердің қажеттіліктері мен серіктестердің мүдделерін бетке ұстау,
  • өзара тиімді ынтымақтастық;
  • Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • Ұзақ мерзімді және келешекті дамуды бетке ұстау;
  • Бизнестің барлық салаларында ең озық технологияларды пайдалану;
  • Бизнесті тиімділік пен табыстылықтың жоғары деңгейінде жүргізу;
  • Компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби және біліктілік деңгейі;
  • Іскерлік шаралар мен қызметкерлердің тәртібінің жоғары стандарттары;
  • Жауапкершілік;
  • Қабылданатын шешімдердің негізділігі;
  • Талқылау алқалылығы;
  • Корпоративтік ұйымшылдық және өзара сенім;
  • Барлық қызметкерлердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту.
© АктанФильтр, 2011
Производство и реализация фильтров
Все права защищены, 2011
Создание сайтов by zDami